ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы тағайындалды

0
438

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында дүниеге келген.


ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы тағайындалды

Руслан Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келген.

1996 жылы Фрунзе атындағы Әскери академияны командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау мамандығы бойынша бітірді.

2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын бітірген. Мамандығы-мемлекеттің әскери қауіпсіздігі.

2003 жылы Шымкент қалалық мәслихатының үшінші шақырылымының депутаты болып сайланды.

1987 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ взвод командирінен Ішкі әскерлер құрама командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2007 жылдары-ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жылдары - Қазақстан ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары-Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.

2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап - ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы.

2013 жылғы 22 қаңтардан бастап - ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы.

2014 жылғы 24 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы.

Әскери атағы - генерал-лейтенант.