​ҚР кезектен тыс президенттік сайлауына 9,4 млрд теңге бөлу көзделіп отыр

0
1 042

Бұл сомадан ОСК 9 347 885 000 теңге бөлінеді.


​ҚР кезектен тыс президенттік сайлауына 9,4 млрд теңге бөлу көзделіп отыр

ERNUR.KZ. Қазақстанның кезектен тыс Президеттік сайлауына үкімет 9,4 миллиарда теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 14 сәуір күні "Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулы жоспарында айтылған, деп жазады Zakon.kz.

- 2019 жылғы 9 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президенттік сайлауына Республикалық бюджетте 2019 жылғы кезек күттірмейтін шығындар бойынша қарастырылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 9 404 771 000 (тоғыз миллиард төрт жүз төрт миллион жеті жүз жетпіс бір мың) теңге бөлінсін, - делінген құжатта.

Бұл сомадан ОСК 9 347 885 000 теңге; сыртқы істер министрлігіне 56 886 000 теңге қаржы бөлінбек.

Құжатты талқылау 29 сәуірге дейін созылады.

Бұған дейін ОСК сайлау науқанына 12 млрд теңге бөлуді сұраған болатын, бірақ Қаржы министрлігі бұл соманы қысқартты.