ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатты жағдайда қонды

0
729

Алдыңғы шассиі ашылмай қалған әскери ұшақ Жетіген аэродромына қонған.


ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатты жағдайда қонды

ERNUR.KZ. ҚР қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы Жетіген аэродромына аман-есен қонды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алдыңғы шассиі ашылмай қалған әскери ұшақ Жетіген аэродромына қонды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша әуежайға жедел жәрдем қызметі мен құтқарушылар аттанды. Құдай қолдап, олардың көмегі қажет болған жоқ. Ұшақ жер бауырлап барып қонды. Ұшақ жерге қонғанға дейін ұшу-қону алаңына көбік төгілген болатын. Қазіргі уақытта жолаушылар мен ұшақтың экипажы эвакуациялануда»,- деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бағыт алған ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай, апатты жағдайда Балқаш қаласына қонатыны туралы хабарлама тараған.