​ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі тағайындалды

0
1 178

Ақылбек Жәмелұлы Ихданов ҚР ОСК мүшесі қызметіне тағайындалды.


​ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі тағайындалды

ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ақылбек Жәмелұлы Ихданов ҚР ОСК мүшесі қызметіне тағайындалды.

Ақылбек Жәмелұлы Ихданов Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР Еңбек министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінде еңбек еткен. ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2009 жылдың сәуір айынан бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі ретінде қызмет атқарған. 2009 жылдың маусым айынан бастап «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты партиялық ұйымдастыру жұмысы департаментінің директоры. 2011 жылдың тамыз айында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы Аппаратының жетекшісі болды.

2016 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы қызметін атқарған.