ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

0
864

Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.


ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Дәулетбек Құсайынов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған ресми құжатта.