ҚР Президенті: ЕАЭО тауардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін тетіктер ұсынуы қажет

0
673

Мемлекет басшысы індетпен күрес мәселесінде, одан кейін шектеулерді алып тастау кезінде көлік билігінің, санитарлық қызметтердің, шекаралық ведомстволардың үйлесімді жұмысы да маңызды екенін баса айтты.

ҚР Президенті: ЕАЭО тауардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін тетіктер ұсынуы қажет

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылдың лайықты тетіктерін ұсыну қажет. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы онлайн отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өзара тауар айналымы көлемінің сақталып, арта түсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оның номенклатурасы мен балансының әртараптандырылуын қамтамасыз ету маңызды. Індет кезінде туындаған барлық шектеулер мен кедергілерді кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қажет. Біздің денсаулық сақтау, санитарлық-ветеринарлық және бақылаудың басқа да салаларындағы ведомстволарымыз дағдарыстан сабақ алып, бір жағынан азаматтарымыздың қауіпсіздігін, екінші жағынан тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылдың лайықты тетіктерін ұсынуы тиіс», - деді Қазақстан Президенті.