ҚР Президенті интернет жұмысын қалпына келтіруді тапсырды

0
767

Қазақстандықтар интернеттің дұрыс істемей тұрғанын айтып шағымдануда.


ҚР Президенті интернет жұмысын қалпына келтіруді тапсырды

Жұмыс сапарымен Германияда жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы интернет желісінің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebooк-тегі парақшасында.

Еске салайық, қазіргі уақытта президент жұмыс сапарымен Германияда жүр.