ҚР Президентіне Курчатовқа "ғылыми қалашық" мәртебесін беру ұсынысы жасалды

0
496

Алдағы уақытта шаһарда ғылыми университет ашылмақ.


ҚР Президентіне Курчатовқа

ERNUR.KZ. Абай облысының Курчатов қаласында ғылыми университет ашылады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов тұрғындарымен кездесуде айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңір басшысы халықты толғандырған сұрақтарға да жауап берді. Атап айтқанда, қала тұрғындары ЖЭО салу, жолдарды абаттандыру және Курчатовқа ғылым қаласы мәртебесін беру мәселелерін қозғады.

«Мен жағдайды жақсы білемін. ЖЭО құрылысы жоспарда бар. Жылумен қамту мәселесі өткір. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Сіздерді жылусыз қалдырмаймыз. Сондай-ақ АЭС салу мәселесі де шешілуде. Мен Мемлекет басшысымен кездесуде Курчатовқа ғылым қалашығы мәртебесін беру туралы ұсыныс айттым. Осында ғылыми университеттің ашылуы күтілуде. Қаладағы бүкіл инфрақұрылымды қалпына келтіру керек», - деді облыс әкімі.

Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, Курчатов қаласында келешекте арнайы ғылыми топ құрылып, университеттің бағдары туралы келіссөз өткізіледі.