ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызметі» мекемесінің директор тағайындалды

0
790

Бұған дейін ҰКҚ "Мемлекеттік техникалық қауіпсіздік" РМК Ержан Біржанов басқарды.


ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызметі» мекемесінің директор тағайындалды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директоры болып Асқар Жүнісбек тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ аталған мекеменің сайтына сілтеме жасап.

Асқар Рақымбайұлы С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін, механика және қолданбалы математика факультетін бітірді. Өзінің еңбек қызметін Алматы облысы Қоғалы орта мектебінің математика және информатика мұғалімі ретінде бастады. Әр жылдары ақпаратты қорғау мен киберқылмыстардың алдын алу бағыты бойынша басшылық лауазымдарда, 2013 жылдан бастап «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Сонымен бірге Мәскеу қаласындағы Үкімет байланысы мен ақпараты жөніндегі федеральдық агенттікке қарасты Жаңа технологиялардың оқу-методиологиялық орталығының компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дипломы бар.

Асқар Жүнісбек қол жеткізген оң нәтижелері үшін бірнеше рет ведомстволық және үкімет наградаларымен, түрлі халықаралық грамоталармен және дипломдармен ынталандырылды, «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалін иеленді.