ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары жаңадан тағайындалды

0
1 635

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Ғабит Байжанов болды.


ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары жаңадан тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов 1963 жылы 1 қарашада дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007);

«Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015); «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018);

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды.

2019 жылғы ақпаннан бері «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарған.