​ҚР ұлттық экономика министрі Қазақстанда инфляцияның қанша екенін айтты

0
996

Ұлттық қордың активтері – 56,8 миллиард доллар, ал алтынвалюталы резерв – 30,9 миллиард АҚШ доллары.


​ҚР ұлттық экономика министрі Қазақстанда инфляцияның қанша екенін айтты

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. 2018 жылдың шілдесінде Қазақстанда жылдық инфляция 5,9 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"ІЖӨ өсімі жеті айдың қорытындысы бойынша осы жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін төрт пайызды құрады. Экономиканың өсуіне негіз болған инфляция қысымының бәсеңдеуі, жоғары инвестициялық белсенділік пен экономиканың негізгі салаларыдағы жақсы динамиканың сақталуы. Инфляция үш жылдық минималды деңгейде сақталып отыр. Жылдың басынан бері 2,7 пайызды құрады", – деді ол.

Министрдің сөзінше, 2018 жылдың 1 тамызынан бастап елдің халықаралық резерві 87,7 миллиард АҚШ долларын құраған.

Ұлттық қордың активтері – 56,8 миллиард доллар, ал алтынвалюталы резерв – 30,9 миллиард АҚШ доллары.