Кремль Дариға Назарбаеваның отставкасына қатысты үн қатты

0
1 026

2 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтататын Жарлыққа қол қойды.


Кремль Дариға Назарбаеваның отставкасына қатысты үн қатты

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Дариға Назарбаеваның Сенат спикері қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

"Бұл біздің серіктес - Қазақстан елінің ішкі ісі. Сондықтан, әрине, біздің бұған қандай да бір түсініктеме беруіміз мүмкін емес деп санаймыз", - деді Песков.

2 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтататын Жарлыққа қол қойды. Оның орнына Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды.