ҚТЖ филиалының экс-директоры сотталды

0
1 877

Ол жағармайды ақшаға айырбастап, өз қажеттілігіне жұмсаған.


ҚТЖ филиалының экс-директоры сотталды

ERNUR.KZ. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Павлодар электрмен қамтамасыз ету дистанциясының» бұрынғы директоры Р. Ибраев жемқорлық қылмысы бойынша жазаланды, деп жазады baq.kz.

Хабарламада ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы 2020 жылғы маусым мен тамыз аралығында бағынышты мекемелер басшылығынан 6,5 мың литр дизель жағармайын алғаны айтылады. Ол 1,2 миллион теңгеге бағаланып отыр. Жағармайды ол ақшаға айырбастап, өз қажеттілігіне жұмсаған.

28 желтоқсан күні Ибраев қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ оған 1000 АЕК (2,778 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.