Қуат Хамитов жұртты дизинфекция жасаушыларды ұрып, тікұшақтарды атуға шақырды

0
653

Біз қазір соғыста жүргендейміз - Хамитов.


Қуат Хамитов жұртты дизинфекция жасаушыларды ұрып, тікұшақтарды атуға шақырды

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов көшеде инфекцияны жою мақсатында зарарсыздандырушы сұйықтықты шашып жүргендер, керісінше коронавирус шашып жүр деп есептейді екен, сондықтан ол мұндай адамдарды ұрып-соғу керек деп мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Оның осы сипаттағы үндеу-видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

- Кеше ғана қайта дезинфекциялау басталды, халықты улау басталды. Сондықтан көшеден ондай адамды көрсеңіздер қолыңызға түскен нәрсемен, таспен, таяқпен ұрып тастаңыздар. Өтініп сұраймын. Адамдар халықты улауын доғару үшін. Ал көктен оны сеуіп жүрген тікұшақтарды көргендер болса, кімнің үйінде автомат бар, солар шығыңдар да атыңдар. Біз қазір соғыста жүргендейміз. Егер біз бір адамды тоқтатсақ, онда мыңдаған адамның жанын алып қаламыз. Сондықтан, вирустың қайта-қайта бой көтермесі үшін адамдар қолдан келгеннің бәрін жасаса деймін, олар тағы халықты уламаса деймін. Алға! - дейді Хамитов видеода.

ҚР ІІМ бұл мәлімдемеге қатысты жақын арада жауап болатындығын жеткізді.