Қуатты өңір: Жамбыл облысы тұрғындарына жайлы жағдай жасалады

0
1 013

Биыл облыс аумағында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында 68 ауылда республикалық бюджеттен бөлінген 8,7 млрд. теңгеге 121 жоба іске асырылғалы отыр.


Қуатты өңір: Жамбыл облысы тұрғындарына жайлы жағдай жасалады

Қуатты мемлекеттің негізі - әл-ауқаты жоғары халық. Демек, халқының жағдайын жасау - мемлекеттік басты парызы.

Осы мақсатта Ұлттық экономика министрлігі өзге де өргандармен бірге Қазақстан азаматтарының қолайлы өмір сүруіне бақытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірлеген болатын. Бұған дейін де айтып өткеніміздей, жоба бойынша базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсартып, тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру жұмыстары атқарылкы тиіс болатын.

Осы орайда еліміздің өңірлерінде ұлттық жоба бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанына шолу жасаған болатынбыз. Бұған дейін Алматы және Шымкент қалалары, Алматы мен Түркістан облыстарында атқарылған жұмыстар мен жоспарлармен таныссақ, бүгін ERNUR.KZ тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз орталығымен байланысып, ұлттық жоба аясында облыс тұрғындары үшін жасалып жатқан жұмыстарға қанықты.


Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша ұлттық жоба аясында әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру мақсатында 2022 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 290 маман үшін 1 332,5 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылып отырғанын мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз орталығы. 2022 жылға міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, қаржыландыру жұмыстары мамыр айында басталады деп күтіліп отыр екен.

Биыл облыс аумағында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында 68 ауылда республикалық бюджеттен бөлінген 8,7 млрд. теңгеге 121 жоба іске асырылғалы отыр. Атап айтқанда, 1 мектепке жапсарлас ғимараттың, 6 денешынықтыру – сауықтыру кешенінің, 14 денсаулық сақтау нысанының және 2 мәдениет үйінің құрылысы жүргізілетін болса 3 білім нысандарының жылу қазандықтары газға алмастырылатын болады.Бұдан бөлек, 10 мектеп, 4 денсаулық нысаны, 4 мәдениет үйілері күрделі жөндеуден өткізілетін болса, жалпы 10 ауданда 140,0 шақырымға жуық көшелер орташа жөндеуден өткізілмек. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 1018 жұмыс орындары ашылмақ екен.


Ал энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Жамбыл облысы тұрғындары үшін жақсы жаңалық көп.

2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ел тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға негізделген «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 2 тармақ бойынша үйге ортақ есептегіш аспаптарды орнату және инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету көзделген, олар:

103-тармақ. Үйге ортақ жылу және су есептегіш құралдармен қамтамасыз ету деңгейі;

107-тармақ. ФУА құрамына кіретін моно- және шағын қалаларда, шекара маңындағы шағын қалаларда, сондай-ақ халқының саны 50 мың адамнан асатын моноқалаларда инженерлік және көлік инфрақұрылымының тозуын төмендету.

Аталған жоспар бойынша үйге ортақ жылу және су есептегіш құралдармен қамтамасыз ету деңгейін Жамбыл облысында 103-тармақ бойынша 2022 жылы 48 үйге ортақ жылу есептегіш құралын және 152 су есептегіш құралын орнату жоспарлануда.

Ал 107-тармақ бойынша моно және шағын қалаларда 5,7 шақырым жылу желілерін, 15,7 шақырым сумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу және 14,580 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде индикаторлық көрсеткішке қол жеткізу күтіліп отырған көрінеді.


Автомобиль жолдары саласы бойынша да Жамбыл облысында мақсатты жұмыстар көзделіп отыр.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында автомобиль жолдары саласы бойынша «ішкі көлік желісін дамыту» міндеттелгені белгілі.

Бұған қойылатын басты талаптардың бірі – өңіраралық аумақтық байланысты қамтамасыз ету үшін «Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» көрсеткішін ұлғайту.

Жобаның іске асу мерзімі 2021-2025 жылдарға жоспарланған.

2025 жылға дейін облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 1220 шақырымы орта жөндеумен қамту көзделуде. Оның ішінде: 822 шақырым – облыстық маңызы бар жолдар; 398 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар.

2021 жылы 50/50% паритетімен республикалық бюджеттен 29 жобаны іске асыруға 3,0 млрд.теңге, облыстық бюджеттен осы жобаларды бірлесіп қаржыландыруға 2,4 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы алғанда жыл басынан бері барлық бюджет көздерінен бөлінген қаражаттар есебінен 214 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар жөндеумен қамтылды.


Оның ішінде:

177,9 шақырым – облыстық маңызы бар автожолдар;

36,1 шақырым – аудандық маңызы бар автожолдар.

2022 жылы 29 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 3,6 млрд.теңге және облыстық бюджеттен 2,6 млрд.теңге қаржы бөлінген.

Бөлінген қаржылар есебінен 297,3 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған.

Оның ішінде:

238,8 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;

58,5 шқ – аудандық маңызы бар;

Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыстық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау жұмыстарына облыстық бюджеттен 421 млн.теңге бөлініп, бүгінгі таңда, аталған жұмыстар өндіріс кестесіне сәйкес атқарылуда.


Әлеуметтік сала да «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы іс-шараларының ішінде маңызды рөл ойнайды. Басқарма жұмысына қатысты 6-тармағында «Қазақстан Республикасына қоныс аударған отандастар (қандастар) саны» деген көрсеткіш бекітілген, оның жылдар бойынша мәні: 2021ж. – 617 қандас, 2022ж. – 719, 2023ж. – 822, 2024ж. – 925, 2025ж. – 1027 қандас болып белгіленген. Жамбыл облысы қандастарға арналған квота белгілеу өңіріне жатпайтындықтан, бұл шаралар бюджеттен қаржыландыруды талап етпейді.

2021 жылы 937 отбасыдан тұратын 1437 адамға қандас мәртебесі берілді. Жамбыл облысына 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін 16543 отбасыдан құралған60512 қандас қоныс аударды.

2022 жылдың 1 сәуіріне131 отбасыдан тұратын 174 адамға қандас мәртебесі беріліп отыр.


Қорыта айтқанда, Жамбыл облысыны тұрғындарының әл-ауқаты мен жағжайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан шаруалар баршылық. Ал жоспарлы түрде іске асатыны мен кезекте тұрғаны одан да маңызды. Ендеше, мақсатты жұмыстардың нәтижесі оң болсын деп күтейік.

Ұ.Сәрсенбай,

ERNUR.KZ