Күдебаевтың соты үшінші рет кейінге қалды

0
400

Серік Күдебаев 2020 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.


Күдебаевтың соты үшінші рет кейінге қалды

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап кеткен Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен үшінші рет кейінге қалды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров мәлім етті. Оның сөзінше, отырыстың кейінге шегерілуі оның ауруханаға түсуімен байланысты.

Еске салсақ, Серік Күдебаев 2020 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 58 жастағы полиция генарал-майоры қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, ол қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап, кетіп қалған. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция департаментінен қару-жарақтар ұрланған.

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

28 ақпандағы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы алғаш рет 10 наурызда кейінге шегерілген болатын.

Үкім шығарылады деп жоспарланған 16 наурыздағы сот отырысы да өтпей қалды.