Күйеуін қаралау үшін ұлына іздеу салған алматылық әйел масқара болды

0
1 290

ҚҚК жобасына хабарласқанда әйел күйеуімен көп жылдар бойы араздасып жүргенін жасырып қалған.


Күйеуін қаралау үшін ұлына іздеу салған алматылық әйел масқара болды

ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны 19 жастағы ұлына іздеу салып, оның жоғалуына бұрынғы күйеуін айыптаған. Әлеуметтік желіде тараған суреттерін көрген жігіт әкесіне хабарласып, аман екенін хабарлапты, деп жазады kaz.nur.kz.

Бозбаланың жоғалғанын із-түзсіз кеткендерді іздеумен айналысатын Қоғам қауіпсіздігі кеңесінің еріктілері жариялаған.

2 маусым күні 19 жастағы Вячеслав Блинцовтың анасы үйдің есігі ауысқандықтан ұлының үйге кіре алмай, мектеп жаққа кеткеннен келмегенін хабарлаған.

Алайда жігіт өзіне іздеу салынғанын көріп, әкесіне хабарласқан.

Кейін Вячеславтың анасы Наталья Анисимованың ҚҚК қызметкерлерін бұрынғы күйеуі мен оның әкесінен кек қайтару үшін қолданғаны анықталды.

"ҚҚК жобасына хабарласқанда Наталья Анисимова күйеуімен көп жылдар бойы араздасып жүргенін жасырып қалған. Біздің қызметкерлерді бұрынғы күйеуі мен әкесін қаралау үшін пайдаланған. Енді ұйымымыз отбасылық кикілжіңді жария еткені үшін айыпты болып қалды", - деп жазды ұйым жетекшісі Ислам Үгішев.