Құлаған ұшақ жолаушыларының жағдайы айтылды

0
706

Апатқа ұшыраған ұшақта бес адам болған.


Құлаған ұшақ жолаушыларының жағдайы айтылды

ERNUR.KZ. Жедел медициналық көмек үйлестіру орталығының төрағасы Біржан Оспанов Өскемен әуежайы маңында апаттық қону нәтижесінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, - деп жазады тengrinews.kz.

"Бортта дәрігер, фельдшер мен екі ұшқыш болған. Олар медициналық көмек көрсетуге бара жатқан, бортта науқастар болмады. Оқиғадан кейін төртеуі де Өскемендегі №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Олар тек жарақаттанып қалған", - дейді Біржан Оспанов.


Еске салайық, бүгін Өскемен әуежайының маңында санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады. Ұшақта бес адам болған.