Күмәнді компаниялар тізімі жаңартылды

0
366

Тізім қазір 154 субъектіні қамтиды және ол азаматтар мен компаниялардың өтініштері мен шағымдары, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл негізінде қалыптасады.


Күмәнді компаниялар тізімі жаңартылды

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтық белгілері бар компаниялар тізімін жаңартты, деп жазады inbusiness.kz.

"Агенттік тұрақты негізде күмәнді белгілері бар адамдар, оның ішінде ҚР азаматтары шағым түсірген тұлғалар туралы ақпаратты жаңартып отырады", – деп жазылған хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, мұндай азаматтар мен ұйымдарда өз бетінше немесе делдалдарды тарта отырып, не олардың атынан басқа тұлғалардың өкілдерінің атын жамылып, жоғары кірісті төлеуге уәде беріп, ақша жинау әрекеттерінің белгілері бар.

Тізім қазір 154 субъектіні қамтиды және ол азаматтар мен компаниялардың өтініштері мен шағымдары, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл негізінде қалыптасады.

"Тізімнің субъектілері қаржылық лицензиялау мен реттеуден тыс болып табылады, сондықтан олар көрсететін қаржылық қызметтерге байланысты клиенттердің құқықтары заңмен қорғалмайды", – деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.