Құмар ойынға әуес болған әйел желіні жарды (ВИДЕО)

0
1 990

ERNUR.KZ. Желіде белгісіз әйелдің ойын автоматының алдында тұрып құмарға беріліп кеткен сәтінің видеосы тарап кетті. Ұтыстан дәмелі болып тұрған әжейді әлдекім азамат видеоға түсіріп алған.


Құмар ойынға әуес болған әйел желіні жарды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Желіде белгісіз әйелдің ойын автоматының алдында тұрып құмарға беріліп кеткен сәтінің видеосы тарап кетті. Ұтыстан дәмелі болып тұрған әжейді әлдебір азамат видеоға түсіріп алған. Ол әйелмен тілдесіп, «Ұтып жатырсыз ба, апа?» деп сауал қояды. Осы сәтте әжей «Қарасам ұтылып қаламын. Немене жағаласып соншама. Айналайын кетсей, не шаруаң бар менде?» деп ер жігітті сөгіп тастайды.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бұл видео елдің қызу талқысына түсіп, көпшілік әп-сәтте «жұлдызға» айналған әжейдің әрекетін бұрысқа балады.

«Құмар ойын деген жаман, ешкімнің басына бермесін. Аллам әркімге сана берсін», «Енді жетпегені осы еді, апаларымыз құмар ойын ойнаса, бала-шағаға не дейміз?..», «Жастарды қойып, енді кемпірлер де кірісіп кеткен бе? Алла сақтасын, құмар ойын деген қиын ғой» деп жазды пікір қалдырушылар.

Дегенмен әжейдің әрекетін сынға алғандардан бөлек «Не деуге болады? Қазақстанның билігіндегілер жақсы жұмыс істесе, халыққа жағдай жасаса, ата-апаларымыз Еуропадағы үлкен кісілер секілді демалып жүрер еді...», «Ақшасын көбейткісі келген апа жеткізе алмай жүр ғой, анда тартса жетпей, мында тартса жетпей» деп ойынға әуес болған кейуананы жақтап шыққандар да табылды.

Видео: желіден алынды