Күміс алқалы аналар бірінші кезекте баспана алатындар қатарына көшіріледі

0
1 236

Бұл санаттағы тұрғындардың жалдамалы тұрғын үй алуы үшін арнайы бұрынғы кезектен тыс жаңа тізім құрылатын болды.


Күміс алқалы аналар бірінші кезекте баспана алатындар қатарына көшіріледі

ERNUR.KZ. Бұдан былай көп балалы отбасылар баспанамен бірінші кезекте қамтылады, деп жазады 24.kz.

Бұл санаттағы тұрғындардың жалдамалы тұрғын үй алуы үшін арнайы бұрынғы кезектен тыс жаңа тізім құрылатын болды. Мәжіліс депутаттар осындай заң жобасын ұсынды. Осылайша бюджетте бекітілген 50 млрд теңгенің 27 жарым млрд теңгесі жаңа тұрғын үйлер құрылысына көзделсе, қалған 22 жарым млрд теңгесі аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде тұрып жатқан көпбалалы аналарды баспанамен қамтуға жұмсалады.

"Бірінші кезекте үй алатын адамдардың қатарына көп балалы аналар енгізіледі. Яғни бүгінгі қолданыстағы заңнамада бұл құқық тек қана Алтын алқасымен наградталған аналарымыз алатын еді. Енді оған Күміс алқасымен наградталған аналарымыз енгізіледі және де кезінде Батыр ана аталған, Ана даңқы орденінің бірінші, екінші дәрежесінің иелеріде осы категорияға жататын болады" - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов.