Құтқарушылар өртенген үйден сәбиді алып шықты

0
1 803

2019 жылғы 7 ақпанда 06 сағат 51 минутта өрт сөндірушілердің кезекші пультіне Қарағанды қаласындағы Ключевая көшесіндегі жеке тұрғын үй шатырының жануы туралы қоңырау түскен


Құтқарушылар өртенген үйден сәбиді алып шықты

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Қарағандыда жеке тұрғын үйдің шатырынан шыққан өрт тұрғын үйдің барлық аумағына таралып, бір отбасының өміріне қауіп төндірді. Құтқарушылар жалынның ортасынан бір баланы алып шыққан, деп жазады Baq.kz.

2019 жылғы 7 ақпанда 06 сағат 51 минутта өрт сөндірушілердің кезекші пультіне Қарағанды қаласындағы Ключевая көшесіндегі жеке тұрғын үй шатырының жануы туралы қоңырау түскен. Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен уақытта шатырдың ағаш торы, төбенің қаптамасы, үйдегі заттар, терезе және есік блоктары, жиһаз, ағаш еден, гараждың ағаш конструкциялары және тағы да басқа құрылыстар жанып жатқан.

«Жалпы жану аумағы 90 шаршы метрді құрады. Жанған үйден құтқарушылар баланы эвакуациялады», - дейді Қарағанды облыстық ТЖД-нің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

08 сағат 52 минутта жалын ауыздықталған. Тілсіз жаумен күресуге Қарағанды облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 53 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрттің қайдан шыққан анықталуда.

«Өртті сөндіру – қолайлы ауа-райы болған жағдайда да ауыр міндет, ал -36 градусқа жеткен қатты аяз кезінде, экстремалды жағдайларда өртпен күресу өртсөндірушілер үшін нағыз сынақ болары сөзсіз. Дегенменде, түтік құбырдағы қатып қалған суға, басқа да кедергілерге қарамастан өртөндірушілер өздерінің кәсіпқойлығын көрсетті», - дейді Ж.Дәуренбекова.

ТЖД-нің мәліметінше өткен екі тәулік ішінде қарағандылық өртсөндірушілер төмен температурадағы күрделі жағдайларда 15 рет отпен күрескен. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан ауа температурасының төмендеуіне байланысты өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігін ескертеді.

«Қыс – бұл жыл мезгілінің ең сұрапыл кезеңі, осы уақытта өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет, пеш пен алауошақтар, жылыту аспаптарын қараусыз қалдырмаңыздар, электр сымдар жүйесін шамадан тыс жүктемеген дұрыс. Қатты суық басталысымен көп адамдар суықтан қорғанамын деп жылыту құрылғыларын қосып, электр жүйелеріне шамадан тыс күш түсіреді. Осының салдарынан көп жағдайда электр сымдары шыдамай өрт болып жатады. Қысқы қақаған суық басталғанан кейін өрттердің саны артып, тұрғын үйлер, пәтерлер өртеніп, адамдар баспанасыз қалады. Тілсіз жаумен күресудің өзі оңай шаруа емес, оның үстіне ауа-райының қолайсыздығы да жұмысты қиындата түседі. Өйткені, аулаларда күртік қар өсіп, өрт сөндіру көліктеріне өрт орнына кіруге біршама қиындықтар туғызады. Өртті өшіргеннен гөрі алдын алған оңай екенін естен шығармаңыз!», - дейді Жанна Дәуренбекова.