Күзетшіні есінен тандырып, банкоматты болгаркамен кеспек болған

0
956

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Күзетшіні есінен тандырып, банкоматты болгаркамен кеспек болған

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының криминалды полиция қызметкерлері банкоматты тонамақ болған ұрыларды ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz.

Елорданың екі және Ақмола облысының тұрғыны қала емханаларының бірінде тұрған банкоматтағы ақшаны ұрламақ болған. Олар кешқұрым мекемеге кіріп, күзетшіні есінен тандырған, артынша банкоматты болгаркамен кеспекке бел буады. Қаскөйлер ойлағанын жүзеге асыра алмай ізін суытқан.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктілерді ұстаған. Олар 38, 34 және 29 жастағы ер адамдар болып шықты. Тергеу барысында күдіктілердің бұған дейін дүкендердің бірінен төлем терминалын ұрлап кеткендіктері белгілі болды.

Аталған оқыс оқиғаға қатысты соталды тергеу ісі жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың елорда аумағында жасалған осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстарының бар - жоғы тексеріліп жатыр.