Қымбат Досжан «Балапан» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

0
499

Қымбат Досжанның Қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар.


Қымбат Досжан «Балапан» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

ERNUR.KZ. Танымал, журналист, тележүргізуші «Балапан» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы жазды.

Қымбат Досжанның Қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар. «Qazaqstan» телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының Бас редакторы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қымбат жандар» авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.

«Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚБасқарма төрағасы Ләззат Танысбай.