Қырғызстан азаматтары Екібастұз халқына жылу жинай бастады

0
613

Бішкек тұрғындарына көмек туралы жасалған үндеу әлеуметтік желіге таралып жатыр.


Қырғызстан азаматтары Екібастұз халқына жылу жинай бастады

ERNUR.KZ. Қырғызстан азаматтары бірнеше күннен бері жылусыз қалған Екібастұз халқына көмек ретінде жылу жинай бастады, деп жазады ulysmedia.kz.

Бішкек тұрғындарына көмек туралы жасалған үндеу әлеуметтік желіге таралып жатыр. Динара Осхурахунаова атты азамат бөліскен постта көмекті екі күннің ішінде жинап Қазақстан халқына жөнелту мәселесі жазылған.

«Бішкектіктер! Алты күннен бері Екібастұз халқы қақаған суықта жылусыз, ыстық сусыз отыр. Егер сіздерде жылыттатын техника болса маған жіберсеңіздер болады. Екі күннің ішінде @topmilfa арқылы бәрін жіберемін. Тех ұйымдастып, қазақ бауырларға көмектесейік», - делінген постта.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалған еді.