Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді

0
571

​Қырғызстан саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды, Қазақстанмен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуді көздеп отыр.


Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысының міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың келесі қадамдарын талқылады.

"Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус пандемиясына қарсы күресте Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді", - деп хабарлады Қырғызстан президентінің сайты.

Жапаров Қырғызстан саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды, Қазақстанмен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуді көздеп отыр деп атап өтті.

Ол сондай-ақ Қырғызстан мен Қазақстан жақын көршілер, адал достар, стратегиялық серіктестер және одақтастар екенін баса айтты.