Қырғызстан президенті Қазақстанға ұшып шықты

0
522

Кешке Қырғызстан президенті Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысады.


Қырғызстан президенті Қазақстанға ұшып шықты

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен аттанды, деп жазады tengrinews.kz.

Жапаров Астанада өтетін "Орталық Азия - Еуропалық Одақ" көшбасшыларының бірінші кездесуіне қатысып, бірқатар кездесулер өткізетіні хабарланды.

Кешке Қырғызстан президенті Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысады.

Қырғыз Республикасының ресми делегациясының құрамында:

Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлұбаев;
Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев;
Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев;
Мемлекеттік хатшы Сүйінбек Қасмамбетов;
Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов бар.