Қырғызстаннан Қазақстанға 400 мың қорап темекіні кіргізбек болған

0
878

Ұйымдастырушылар темекі бұйымын тауық еті тиелген жүкке жасырған.


Қырғызстаннан Қазақстанға 400 мың қорап темекіні кіргізбек болған

ERNUR.KZ. Қырғызстаннан Қазақстанға ірі темекі партиясын контрабандалық жолмен кіргізбек болған, деп жазады Egemen.kz.

11 маусымда Қазақстан шекарашылары "Қарасу" автомобиль пунктінде (Жамбыл облысы) Қырғызстаннан Қазақстанға ірі темекі партиясын (шамамен 400 000 қорап) контрабандалық жолмен кіргізудің алдын алды.

Ұйымдастырушылар темекі бұйымын тауық еті тиелген жүкке жасырған. Темекіге рұқсат құжаттары мен акциз маркалары болмай шықты.

Бұл Қырғызстан аумағынан тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз шығарудың алғашқы көрінісі емес екенін атап өту керек. Ұсталған темекі партиясы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.