Қыркүйек айында 102,2 мың автокөлік есепке қойылды

0
2 017

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9% жоғары.


Қыркүйек айында 102,2 мың автокөлік есепке қойылды

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қыркүйекте 102,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9% көп, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 10,4%-ға, жүк автомобильдері – 20,8%-ға, автобустар саны 5,6%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мыңды құрады, оның ішінде 87,8%-ы жеңіл автомобильдер, 10,2%-ы жүк автомобильдері және 2%-ы автобустар.