Қытайда коронавирустың рекордтық саны тіркелді

0
457

Соңғы күндері Қытайда коронавирустың таралуы айтарлықтай жеделдеді.


Қытайда коронавирустың рекордтық саны тіркелді

ERNUR.KZ. Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте Қытайда коронавирустың 31 656 жағдайды тіркелді, деп жазады baq.kz.

Ведомствоның ресми мәлімдемесіне сәйкес, соңғы тәулікте жұқтырғандардың 87 пайызы симптомсыз тасымалдаушылар.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 23 қарашада Қытайда COVID-19-дан тағы бір адам қайтыс болып, елдегі коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 5 232-ге жетті. Соңғы күндері Қытайда коронавирустың таралуы айтарлықтай жеделдеді.

Сондай-ақ елдегі мамандандырылған медициналық мекемелерде емделіп жатқан инфекция жұқтырғандардың 90%-дан астамы ауру белгілері жоқ коронавирус тасымалдаушылары. Қаңтар айының соңында бұл көрсеткіш шамамен 20%-ды құрады.

Қытайдағы ең қиын эпидемиялық жағдай оңтүстік Гуандун провинциясында, одан кейін Чунцин қаласында және орталық Хэнань провинциясында қалыптасты.