Қытайдан ел азаматтарын эвакуциялаған ұшақ Алматыға қонды

0
918

Олармен бірге Қырғызстанның азаматтары да жетіп алды.


Қытайдан ел азаматтарын эвакуциялаған ұшақ Алматыға қонды

ERNUR.KZ. Қазақстан Қытайдан тағы 211 адамды эвакуациялады, деп жазады zakon.kz.

Бүгін таңертеңгі сағат 7-де Бейжіңнен шыққан, ішінде 211 жолаушысы, оның ішінде 171-і Қазақстан және 40-ы Қырғызстан азаматтары бар ұшақ Алматыға қонды.

Қазақстандықтар инфекциялық бақылаудың барлық талаптары қатаң сақталған Алматы қаласының көп салалы клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ал қырғызстандықтар Бішкекке жөнелтілді.

Қазақстан азаматтары ауруханада үш күн болып, коронавирус пен ЖРВИ бойынша зертханалық тексеруден өтеді. Ауруханада жату мерзімі медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Қазір келгендердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай шағымдары жоқ.