Қытайдан интернет тапсырыстарды жеткізетін пойыз іске қосылды

0
641

Жүк межелі станцияға 7-10 күнде жеткізіледі.


Қытайдан интернет тапсырыстарды жеткізетін пойыз іске қосылды

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолының" еншілес компаниясы KTZ Express Қытайдан интернет арқылы сатып алынған тауарларды жедел жеткізуді ұйымдастырады, деп жазады sputnik.kz.

Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашанькоу - Достық шекаралық өткелі арқылы Ресейге, сосын Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады.
Тауарды жеткізуді ұйымдастыратын KTZ Express пен "Astana Logistics" ЖШС серіктес, деп хабарлайды ҚТЖ.
Жүк межелі станцияға 7-10 күнде жеткізіледі. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайған жағдайда шаттл-пойыздарды жөнелту жиілігі ұлғаяды.