Қытайлар мектеп оқулығына Димаш Құдайбергенді енгізді - фото

0
2 394

Жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықта қазақ әншісінің өмірбаяны жазылған.


Қытайлар мектеп оқулығына Димаш Құдайбергенді енгізді - фото

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытайда шығарылған мектеп оқулығына енгізілді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.

"Өзіңді Қытайдың мектеп оқуылықтарынан көрген керемет екен", деп жазады әнші.


Жоғары сынып оқушыларына арналған кітапта әншінің биографиясы жазылған және Димашқа арналған беттің төменгі жағында оның өмірі мен шығармашылығына қатысты бірнеше сұрақ қойылған.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Қытай еліндегі танымалдығы 2017 жылы I'm singer жобасына қатысқаннан кейін арта түсті. Әнші байқауда финалға дейін жетіп, екінші орынды иеленген болатын.