Қыз зорламақ болған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

0
539

Сотта прокурор Нарымбаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.


Қыз зорламақ болған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматы облысында зорлауға әрекеттену бойынша айыпталған ҰҚК-ның бұрынғы қызметкері Сабыржан Нарымбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп жазады zakon.kz.

2020 жылдың қыркүйегінде жәбірленуші Айя Өмірзақова Қаскелеңде таксиге мінеді. Ол мінген көліктің жүргізуші ҰҚК қызметкері Сабыржан Нарымбаев болды. Тергеу мәліметінше, ол қызды жазық далаға апарып, көлікте зорламақ болған, бірақ жәбірленуші сыртқа сытылып шығып, қашып үлгерген. Оны сол маңнан өтіп бара жатқан үш жас құтқарып қалды.

Кейін қыз бұл істің созылып кеткенін, айыпталушының туыстары оған қысым көрсетіп жатқанын айтты. Полиция бұл істі ерекше бақылауға алды.

Сотта прокурор Нарымбаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бүгін, 10 тамызда сот үкім шығарды.

Сот Нарымбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 24 -бабы, 3 -бөлігі, 120-бабы, 2 -бөлігі, 2-тармағы (зорлау әрекеті) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 9 жылға бас бостандығынан айырд», - деді судья Амангелді Махамбетов.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Сот Нарымбаевты ұлттық қауіпсіздік капитаны атағынан айырды. ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерінің қолына сот залында кісен салынды.