«Қызыл» аймақтағы жылу электр орталықтарын жөндеуге 182 млрд теңге керек

0
469

Елдегі 12 жылу электр орталығын жөндеу бюджет есебінен қаржыландырылады.


«Қызыл» аймақтағы жылу электр орталықтарын жөндеуге 182 млрд теңге керек

ERNUR.KZ. Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақтағы жылу электр орталықтары үшін келесі күзгі-қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту мақсатында негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау, жаңғыртуды жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала дерек бойынша, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін 182 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. Бұл есеп бенчмаркинг шеңберінде жүргізілді», - деді ол.

Министр электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескергеннің өзінде энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін 93 млрд теңге керек екенін мәлім етті.

«Қазіргі уақытта электр станцияларының бекітілген тарифтер шеңберінде электр және жылу энергиясын өткізуден түсетін кіріс толыққанды жөндеу шығынын өтемейді. Жеткіліксіз қаржы сомасы - 88 млрд теңге. Коммуналдық және квазимемлекеттік меншіктегі 12 жылу электр орталығы бойынша жоғарыда аталған жұмысты іске асыруға мемлекеттік бюджеттен, ал 22 жеке жылу электр орталығы бойынша – меншік иесінің өз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылады», - деді Болат Ақшолақов.