Қызылорда әкімдігі желіде талқыланған қыздың мүсініне қатысты түсініктеме берді

0
1 992

Мүсін арнайы мамандар қолымен дайындалған.


Қызылорда әкімдігі желіде талқыланған қыздың мүсініне қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Қызылорда көшелерінің бірінде қойылған қазақ қызының мүсіні әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Осыған орай қала әкімдігі ресми жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласы көшелерінің біріне қойылған қазақ қызының бейнесіндегі мүсін қызу талқыға түсті. Онда бойжеткен бейнесі ер адамға көбірек ұқсайтыны айтылды. Айта кетерлігі, аталмыш архитектуралық фигура қазір Қызылорда қаласы аумағында жоқ. Мүсін 2015 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында «Қызылорда Көркем» ЖШС мекемесі қойған. Мүсін арнайы мамандар қолымен дайындалған. Дегенмен оның сыртқы түр сипатына байланысты қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы тарапынан сыни пікірлер айтылған соң, ол орнынан алынып тасталды», - деді Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі.

Бүгінде Қызылорда қаласында 55 аллея мен сквер, 69 тарихи-мәдени ескерткіш, қала мәдениеті мен облыс орталығының әсем келбетін айшықтайтын 20-ға жуық архитектуралық мүсін бар.

Еске салайық кеше Қызылордадағы мүсінге қатысты шу шыққан болатын.