Қызылорда қаласында көшеде атыс болды

0
388

Оқиға облыс орталығындағы «Шұғыла» шағынауданында болған.


Қызылорда қаласында көшеде атыс болды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласындағы шағынаудандардың бірінде 29 шілде түнде атыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мәлім болғандай, оқиға 29 шілде түнгі сағат 22.30 шамасында облыс орталығындағы «Шұғыла» шағынауданында болған.

Тұрғындар көшеден атыс дауысын естіген. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігіндегі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлім етті департаменттен.