Қызылорда облысында 47 градус қатты ыстық болады

0
675

Еліміздің бірқатар өңірлерінде аптап ыстық болады.


Қызылорда облысында 47 градус қатты ыстық болады

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

3-4 маусым күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 47 градус қатты ыстық болады. Оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.


Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. 35-37 градус аптап ыстық болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

3-4 маусымда Алматы облысында 35-38 градус аптап ыстық сақталады.