Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда көз жұмды

0
677

Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген.


Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда көз жұмды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға 3 ақпанда "Арысқұм" кен орнында болған. Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген.

"3 ақпанда сағат 11:38 шамасында "Саутс Ойл" ЖШС қызметкерлері қайтыс болды", - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, біреуі демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте өлі табылған.