​Қызылорда облысында оқ өтпейтін кеудеше тігетін цех өндіріс көлемін арттырды

0
1 022

Кәсіпорын жылына 15 мың дана оқ өтпейтін дулыға, 12 мың дана кеудеше тігуге қауқарлы.


​Қызылорда облысында оқ өтпейтін кеудеше тігетін цех өндіріс көлемін арттырды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы арнайы киім тігу цехы оқ өтпейін кеудеше өндірісін ұлғайтты, деп жазады 24.kz.

Бронежабдықтар Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдерге жіберіледі. 38 миллион теңгенің қондырғылары орнатылған цехте 55 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы – жұмыспен қамту орталығы арқылы қайта даярланған мамандар.

3 жыл бұрын ашылған кәсіпорын жылына 15 мың дана оқ өтпейтін дулыға, 12 мың дана кеудеше тігуге қауқарлы. Одан бөлек, сапер-сарбаздарды снаряд жарықшағынан қорғайтын тұтастай жабық киімдер мен құрылыс каскаларын шығарады. Шикізаттың басым бөлігі Ресейден тасымалданады. Өнеркәсіп нысаны өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.

"Үнемдеу жарық шамдарын құрастыру жобамызда тұр. Құқық қорғау органдарының шлемдері басқаша болады. Соған шлем дайындауға пресс әкеліп, құрылыс бастап дайындап қойдық. Осы қазанның басында келу керек. Пандемия кезінде біз тоқтаған жоқпыз. Қайта халықпен бірге болайық деп сырттың бәрі жабылды, бізге шикізат келмей тұрғанда өзіміз 20 мың маска тігіп, халыққа тегін тараттық" дейді арнайы киім тігу цехының директоры Жақсылық Өзденбаев.