Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

0
847

Қазалы ауданындағы спорт клубы ғимаратының жанында төбелес болған.


Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. 22 қаңтарда Қызылорда облысында спорт клубының жанында жаппай төбелес болды, деп жазады zakon.kz.

Қызылорда облысының полиция департаментінің мәліметінше, 22 қаңтар күні сағат 19:30-да Қазалы ауданындағы спорт клубы ғимаратының жанында төбелес болған.

"Оқиға орнына полиция мен жедел-тергеу тобы келді. Төбелес тоқтатылды. Сегіз адам полиция бөліміне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен хабарламалар түскен жоқ", - дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 2-баптың 1-тармағымен тіркелді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.