Қызылорда облысында жазасын өтеуші суицид жасады

0
407

​Сотталушы профилактикалық есепте тұрған.


Қызылорда облысында жазасын өтеуші суицид жасады

ERNUR.KZ. Қызылорда облысындағы колонияда сотталған азамат өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлім етті.

2 желтоқсанда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД аралас қауіпсіздік мекемесінде сотталушы адам өз-өзін өлтірген. Жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы оқиға орнына келді. Бейнебақылау камераларынан алынған материалдар зерделді, басқа жазасын өтеушілермен әңгіме жүргізілді. Суицид жасаушыға қатысты заңсыздықтар анықталған жоқ.Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Ведомствода нақтылағандай, сотталған адам ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі, 24-бабы, 3-бөлігі бойынша жазасын өтеп жатқан.

Сотталушы өзін-өзі өлтіруге бейім пенде ретінде мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде тұрған. Оған бұған дейін "органикалық галлюциноз" диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.