Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің алдын ала себебі аталды

0
502

Тиісті сараптамалар тағайындалған.


Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің алдын ала себебі аталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімінің себебі алдын ала мәлімет бойынша белгісіз заттан улану болғанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Қызылорда облысында 3 ақпанда "Қазспекторстрой" ЖШС мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша тіркелді", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан уланып қайтыс болды", - деді ведомство өкілі.