Қызылорда облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды

0
767

Бұл ақпаратты Қызылорда облысы сотының баспасөз қызметі растады.


Қызылорда облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов үй қамауына алынды, деп жазады zakon.kz.

28 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының әкімі Ысқақовқа қатысты үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш берді. Ол ірі көлемдегі сома бойынша алаяқтық жасады деп күдікке ілінді.

Салдарынан ол осы жылдың 26 мамырына дейін екі айға үй қамауына алынды.

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Бұл туралы Қызылорда облысы сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

27 наурызда Қызылорда облысы әкімі мен оның көмекшісінің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Алайда ол кезде әкімдіктің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі мұндай ақпараттан хабары жоқтықтарын жариялаған.

Келесі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ысқақовты қызметінен босатып, оның орнына Гүлшар Әбдіхалықованы өңірге әкім етіп тағайындады.