Қызылордада 4 жасар ұлын құтқармақ болған әкесін автобус қағып мерт қылды

0
858

4 жасар бала жол бойында рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өткен.


Қызылордада 4 жасар ұлын құтқармақ болған әкесін автобус қағып мерт қылды

ERNUR.KZ. Қызылордада автобус екі адамды қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, деп жазады Stan.kz.

Апат күндіз Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 жасар бала жол бойында рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өткен. Әкесі баланы құтқарғысы келеді. Бірақ дәл сол сәтте жолаушылар автобусы оларды қағып кеткен.

«Баланың әкесі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал зардап шеккен нәресте балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Автобус жүргізушісінің жеке басы дереу анықталды. Сараптама тағайындалды. Іс бойынша тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады полициядан.