Қызылордада 43 жастағы келіншек оққа ұшып, жансақтау бөліміне түсті

0
472

Зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында.


Қызылордада 43 жастағы келіншек оққа ұшып, жансақтау бөліміне түсті

ERNUR.KZ. Қызылордада 56 жастағы ер адам таныс әйелді атып, жарақаттады, деп жазады zakon.kz.

Ол оқиға орнынан дереу ізін суытқан. Полиция департаменті мәліметінше, 43 жастағы келіншек қалалық аурухананың жансақтау бөліміне түскен, оған ота жасалды.

Зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдіктінің жеке басы анықталып, қазір оны ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Қарулы шабуыл