Қызылордада балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жиналып жатыр

0
628

Шымкент тұрғыны қызылордалыққа өз көлігін сыйға тартқан.


Қызылордада балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жиналып жатыр

ERNUR.KZ. Қызылордалық блогер, белсенді Асылхан Дүкенбаев аязда балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперу ақша жинап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Ер адам күннің суығына қарамастан балаларын велосипедпен тасып жүргені түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін танылған. Кадрларда үлкен ұлы велосипедтің алдында, кішкентайы артында мойынорағышқа оралған күйі тәтті ұйықтап жатқаны көпшілікті тәнті етті.

"Видеоға түсіреді деп ойлаған жоқпын. Басында тіпті ашуландым. Бірақ жағымды пікірлерді оқыған соң тынышталдым", - дейді ол видеода.

Оның айтуынша, басында ол автокөлік сатып алуға ақша жинағысы келгендердің көмегінен бас тартқан.

"Бізден де нашар өмір сүретіндер бар. Орташа өмір сүріп жатырмыз, олармен салыстырғанда аш емеспіз. Отбасымызға үлкен ықылас танытып, қамқорлық көрсеткен барлық жанашыр азаматқа алғыс айтамын", - деді ол.

Бұл отбасы уақытша үйде тұратыны, жеке баспанасы жоқ екені белгілі болды. Ер адам видеоға түсіп қалған сәтте балаларымен ойын алаңдарының бірінен қайтып келе жатқан.

Кейін Шымкент тұрғыны қызылордалыққа өз көлігін сыйға тартатыны белгілі болды.

"Көлікті Шымкенттегі әріптесім, КВН ойыншысы Бекжан сыйға тартады. Сондықтан енді тұрғын үй сатып алуға ақша жинаймыз. Видеоны түсірген жігітті де сыйлық күтеді", - деді белсенді Асылхан Дүкенбаев.