Қызылордада болған өрттен Қытай азаматы қаза тапты

0
1 818

Өртті сөндіруге Қызылорда облысының ТЖД-нің 4 өрт сөндіру техникасы мен 13 қызметкері жұмылдырылған.


Қызылордада болған өрттен Қытай азаматы қаза тапты

фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Өрттің шығу себебі шамамен – өрт қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауынан болуы мүмкін, деп жазады zakon.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында орналасқан «Чайна Триумф» цемент зауыты аймағында шыққан өрт туралы хабар ТЖД-не 12:13-те келіп түскен.

Жалын жұмысшыларға арналып уақытша тұрғызылған 42 жұмысшы тұрып жатқан тұрақтан шыққан.

Өрт 12:50 де тіркеліп 13:00-де ауыздықталған. Оқиға орнында 1976 жылы туған Қытай азаматының мәйіті табылды.

Өрттің шығу себебі – электр сымдарын ауыстыруда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан болуы мүмкін.

Өртті сөндіруге Қызылорда облысының ТЖД-нің 4 өрт сөндіру техникасы мен 13 қызметкері жұмылдырылған.