Қызылордада екі қыз баланы қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі сотталды

0
809

Ер адам тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.


Қызылордада екі қыз баланы қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі сотталды

ERNUR.KZ. Қызылордада екі қыз баланы қағып кетіп өлтірген жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл оқиға 2019 жылдың 30 мамырында болған. Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі Әбдіқадыров көшесі бойында «КаМАЗ» жүк көлігі келе жатқан. Ауыр көлік жол жиегінде ойнап жүрген екі бүлдіршін қызды қағып кеткен. Нәтижесінде олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі балалар ауруханасында барғаннан кейін қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі сол сәтте мас болғаны анықталды.

«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен, 347-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ер адам тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.