Қызылордада ер адам қызды интимдік суреттерді жариялаймын деп бопсалаған

0
509

Ер адам әйелдің танысы болып шыққан.


Қызылордада ер адам қызды интимдік суреттерді жариялаймын деп бопсалаған

ERNUR.KZ. Қызылордада ер адам қызды интимдік суреттерімен бопсалаған, деп жазады stan.kz.

Полицияға 29 жастағы әйел хабарласқан. Ол танысының әлеуметтік желіде интимдік сипаттағы суреттерді жариялаймын деп қорқытып ақша бопсалағанын айтты.

"Осы факті бойынша Қызылорда қаласы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 33 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.